Www.Elim-ai.kz әлеуметтік желісі интернет қолданушыларға рухани мол азық берер дүниелер ұсынуда! / Новая социальная сеть Казахстана el.kz / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу












Новая социальная сеть Казахстана el.kz



Целью проекта el.kz является консолидация молодежи Казахстана, создание площадки для взаимодействия и общения пользователей, создание и распространение Казахстанского контента в мировой сети Интернет.

Блог elkz
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Www.Elim-ai.kz әлеуметтік желісі интернет қолданушыларға рухани мол азық берер дүниелер ұсынуда!

Ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін кең пайдаланып, білім, өнер, мәдениетті насихаттауды мақсат еткен www.elim-ai.kz әлеуметтік желісі интернет қолданушыларға рухани мол азық берер дүниелер ұсынуда. Аталған әлеуметтік желіде қолданушылар қазіргі кезеңде аса қажетті ақпараттармен таныса алады. Ұлттық мұра, білім, танымдық ақпараттар мен мәдени жаңалықтардың тұтас қорын қамтитын www.elim-ai.kz желісі әсіресе қазақ мәдениетінің ұмыт қалып бара жатқан дүниелерін жаңғырту мақсатының үдесінен шығуды басты негіз еткен. «Елім», «Білім», «Көр, оқы, ойна», «Жаңалықтар» айдарларында әлеуметтік желілерде қамтылатын қызметтермен қатар танымдық мәліметі мол материалдар қамтылған. «Елім» айдарында танысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау, бөлісу секілді қызметтер ұсынылса, «Білім» айдарында қазақ тілін үйренушілерге арналған курстар, интернетке байланысты білімдік маңызы зор ақпараттар мен күнделікті өмірде аса қажеттілігін тудырып жатқан компьтерлік бағдарламаларға түсініктемелер, Ұлттық бірыңғай тестке дайындық тапсырмалары берілген. «Көр, оқы, ойна» айдары жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Мұнда қазақ әдебиетінің 3000-ға жуық шығармасы, аудиокітаптар, ойындар мен музыкалық аудионұсқалар топталса, «Жаңалықтар» айдарында күнделікті тұрмыстық арналар мен жаңалықтар топтамасы жинақталған. Мұның бәрінен де, жалпы сайттың өн бойынан ұлттық таным мен сезім ерекшеленіп көрінеді.